jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

    Хоккейден Қазақстан құрамасы
    Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: icehockey.kz

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Францияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңді.

    Ойынның 2-минутында франциялықтар сапынан Энцо Кантагалло есеп ашты. Кейін Қазақстан құрамасынан Роман Старченко (4-минутта) және Максим Мухаметов (8-минутта) шайба соқты. Үзілістен кейін Кирилл Савицкий үшінші голдың авторы атанды.

    Матчтың үздік ойыншысы атағына Қазақстан құрамасының қақпашысы Андрей Шутов лайық деп танылды. 

    Бұл жеңістен кейін қазақстандық хоккейшілер үш ұпай жинап, кестеде Швеция мен Германияны қуып жетті. Енді Қазақстан құрамасы ертең, 12 мамырда Словакия командасына қарсы ойнайды.

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.