Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысатын болды

Жарияланған күні:

Ғалым Мәмбеталиев ойын кезінде
Ғалым Мәмбеталиев ойын кезінде. Фото: shaiba.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысады. Чехиядағы әлем чемпионатынан кейін федерация Ғалым Мәмбетәлиевті босату туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ shaiba сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің жазуынша, енді бас бапкер қызметін канадалық маман Дэвид Немировски атқарады. Ол жақында Астананың "Барыс" клубының бас бапкері болған. Енді екі қызметті қатар атқармақ.

Немировски 4 маусым Ресейдің "Торпедо" клубын жаттықтырған. Үш рет команданы плей-оффқа алып шыққан. Биылғы маусымды "Сибирь" сапында бастап, 2023 жылдың желтоқсанында жұмыстан боасатылды. Ешқашан ұлттық құрама тізгінін ұстап көрмеген.

Ғалым Мәмбетәлиев соңғы екі әлем чемпионатында ұлттық құраманы элиталық раундта сақтап қалды. Бұл жолы Чехия мұз айдынында ұлттық құрама Франция және Польшаны жеңді. Бірақ плей-оффқа шықпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2105598-hokkeiden-qazaqstan-quramasynyng-bas-bapkeri-auysatyn-boldy/