Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Жарияланған күні:

Хоккейден Қазақстан құрамасы
Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: icehockey.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келесі жылы хоккейден әлем чемпионаты Швецияның Стокгольм және Данияның Хернинг қалаларында өтеді.

Қазақстан құрамасы Дания, Чехия, Германия, Венгрия, Норвегия, Швейцария, АҚШ командаларымен бірге В тобына түсті. Бұл топтың кездесулері Хернингте (Дания) болады.

А тобында Аустрия, Канада, Финляндия, Франция, Латвия, Словакия, Словения, Швеция құрамалары сынға түседі. Алдағы үш айда әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланады.

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан құрамасы Чехияда өткен 2024 жылғы әлем чемпионатын 13-орынмен аяқтады. Алайда элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Жарыс қожайындары Чехия құрамасы финалда Швейцариядан басым түсіп, тарихта жетінші мәрте әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2110314-hokkeiden-qazaqstan-quramasynyng-2025-zhylgy-alem-chempionatyndagy-qarsylastary-anyqtaldy/