jitsu gif
Спорт

    Чехия құрамасы араға 14 жыл салып хоккейден әлем чемпионы атанды

    Хоккейден Чехия құрамасы
    Хоккейден Чехия құрамасы. Фото: RvS.Media/Monika Majer/Getty Images

    Хоккейден Чехия ерлер құрамасы әлем чемпионатының финалында Швейцария командасын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әлем чемпионатының финалдық матчы Прагада (Чехия) өтті және 2:0 есебімен жарыс қожайындарының пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапынан Давид Пастрняк (50-минутта) пен Давид Кампф (60-минутта) шайба соқты.

    Чехия құрамасы тарихта жетінші мәрте және 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының жеңімпазы атанды (1996, 1999, 2000, 2001, 2005, 2010, 2024). Команданың еншісінде бір күміс және алты қола жүлде бар.

    Ал ешқашан әлем чемпионатында жеңіске жетпеген швейцариялықтар төртінші мәрте күміс медаль еншіледі. Бұл құрама төрт рет екінші, сегіз рет үшінші орын алған.

    Әлем чемпионатының қола жүлдесі Канададан басым түскен Швеция командасына бұйырды.

    Қазақстан ұлттық құрамасы В тобында 6-орынға тұрақтады. Сондай-ақ жалпы кестеде Франция, Ұлыбритания және Польшадан озып, 12-орынға жайғасты.

    Чехия құрамасы араға 14 жыл салып хоккейден әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.