Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚХЛ-да ойнайтын қазақстандық хоккейшінің жалақысы белгілі болды

Жарияланған күні:

Хоккейші Валерий Орехов
Хоккейші Валерий Орехов. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қазақстандық хоккейші Валерий Орехов "Металлург" хоккей клубымен жасасқан жаңа келісімшарты бойынша шамамен 30 миллион рубль (шамамен 162,4 миллион теңге) жалақы алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

19 маусымда "Металлург" хоккей клубы қорғаушы Валерий Ореховпен келісімшарт мерзімін 2024/25 маусымының соңына дейін ұзартқанын мәлімдеді. Бұған дейін қорғаушы ҚХЛ-да "Барыс", "Адмирал" секілді командалар құрамында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, өткен маусымда 24 жастағы қазақстандық ойыншы "Металлург" сапында Гагарин Кубогының иегері атанды. Ореховтың ҚХЛ-де барлығы 287 матч өткізіп, 45 (13+32) ұпай жинақтаған. Плей-офф кезеңінде қазақстандық хоккейші 52 матчта ойнап, 7 ассист жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2120997-qhl-da-oinaityn-qazaqstandyq-hokkeishining-zhalaqysy-belgili-boldy/