Елордалық "Барыс" хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Барыс" хоккей клубы Instagram желісіндегі ресми парақшасында командаға жаңа бас бапкер тағайындалғанын мәлімдеді. Енді астаналық команданың тізгінін Ғалым Мәмбеталиев ұстады. Айта кетейік, қазақстандық маман осыған дейін "Барыста" қызмет атқарған. Ал бапкер ретіндегі мансабын 2002 жылы теміртаулық "ЦСКА" командасында бастады.
"Барыс" негізгі команданың бапкерлік штабында өзгеріс болғанын хабарлайды. Бас бапкер қызметіне Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды. Ол 3 жылдық келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар Вячеслав Буцаев, Евгений Королев және Олег Ромашко бапкердің көмекшілері болады", - деп жазды "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев "Барыстың" бас директоры болып тағайындалды.
Айта кетейік, кеше, 16 қазанда "Барыс" хоккей клубы Вячеслав Буцаевтің жетекшілігімен Уфаның "Салават Юлаев" командасына 2:3 есебімен есе жіберді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2175509-16-oiynda-13-zhengilis-barys-hokkei-kluby-zhanga-bas-bapkerin-tanystyrdy/