jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры тағайындалды

    Нұрлан Оразбаев
    Нұрлан Оразбаев. Фото: hcbarys.kz

    Нұрлан Оразбаев "Барыс" хоккей клубының бас директоры атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барыс" хоккей клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қорының шешімімен Нұрлан Оразбаев «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды.

    Бұған дейін 56 жастағы маман осы қызметті 2006-2012 және 2013-2015 жылдары атқарған болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында "Барыс" Борис Иванищевтің бас директор қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлаған еді.

    Ал кеше Вячеслав Буцаевтің командасы Уфаның "Салават Юлаевына" (2:3) есе жіберді. 19 қазанда "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда Ярославльдің "Локомотивімен" кездеседі.

    "Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.