Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы барлық америкалық легионермен қош айтысты

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубы: hcbarys.kz

"Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры Нұрлан Оразбаев баспасөз мәслихатында бірнеше шетелдік ойыншымен келісімшартты бұзғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше, 17 қазанда елордалық "Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры болып Нұрлан Оразбаев тағайындалған болатын. Нұрлан Оразбаев клубтағы алғашқы баспасөз мәслихатын өткізіп, "Барыс" енді солтүстік америкалық легионерлермен келісімшартты бұзатынын мәлімдеді.

"Ойыншыларға келетін болсақ: бүгін біз Даниил Апалков пенВладислав Кодоламен келісімшартты бұздық. Сол сияқты біз барлық легионер-солтүстік америкалық ойыншылардың агенттеріне келісімшартты бұзу туралы хабарламалар жібердік. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Қалған барлық ойыншылар ұлттық құраманың кандидаттары, біздің жергілікті тәрбиеленушілеріміз", - деді Нұрлан Оразбаев.

Айта кетейік, кеше, 17 қазанда "Барыс" хоккей клубының бас бапкері болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2175750-barys-hokkei-kluby-barlyq-amerikalyq-legionermen-qosh-aitysty/