Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы тағы 3 легионермен келісімшартын тоқтатты

Жарияланған күні:

"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

"Барыс" хоккей клубы тағы 3 легионермен келісімшартын тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық "Барыс" хоккей клубы қорғаушылар Натан Больё мен Уилл Бутчер, сондай-ақ шабуылшы Майкл Маклаудпен келісімшартын үзгенін мәлімдеді. Бұл шешім клуб тарапынан қабылданды. Келісімшартты бұзғаны үшін "Барыс" хоккей клубы 3 легионерге өтемақы төлейді.

"Барыс" ойыншыларға клубта өткізген уақыты үшін алғыс білдіріп, болашақ мансабында сәттілік тілейді", - делінген клубтың мәлімдемесінде.

Айта кетейік, осы үш ойыншы да жазда "Барыс" құрамына қосылған болатын. Натан Больё ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 8 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Уилл Бутчер 15 ойында 3 пас берсе, ал Майкл Маклауд 16 кездесу өткізіп, 6 (3+3) ұпай жинаған.

Сондай-ақ "Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры Нұрлан Оразбаев баспасөз мәслихатында барлық америкалық легионермен келісімшартты бұзғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2175993-barys-hokkei-kluby-tagy-3-oiynshymen-kelisimshartyn-toqtatty/