jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Соңғы 4 ойында 3 жеңіс: "Барыс" хоккей клубы турнир кестесінің соңғы орнынан көтерілді

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында ресейлік "Нефтехимик" командасынан басым түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Барыс" өз мұз айдынында ресейлік "Нефтехимик" командасын қабылдады. Нәтижесінде буллитке дейін ұласқан ойында астаналықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

    Алғашқы голды 18-минутта "Нефтехимик" шабуылшысы Вячеслав Лещенко соқты. Осылайша бірінші кезең қарсыластардың еншісінде қалған болатын.

    Ал елордалық "Барыс" хоккей клубы 29-минутта Кирилл Савицкийдің қарсылас қақпасына дәл соққы жасап, есепті теңестірді. Буллитке дейін ұласқан ойында астаналық "Барыс" хоккей клубы басымдық танытты.

    Осылайша "Барыс" хоккей клубы "Амур" командасын басып озып, Шығыс конференциясының турнир кетесінде 11-орынға көтерілді.

    Айта кетейік, "Барыс" клубы келесі ойынын 5 қарашада өз мұз айдынында "Ақ Барсқа" қарсы өткізеді.

    Соңғы 4 ойында 3 жеңіс: "Барыс" хоккей клубы турнир кестесінің соңғы орнынан көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.