jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" өз мұз айдынында ҚХЛ чемпиондарынан басым түсті

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті чемпионат ойындарында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елордалық "Барыс" хоккей клубы өз мұз айдынында Магнитогорск қаласының "Металлург" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңді.

    Ойындағы алғашқы шайбаны 1-минутта "Барыс" ойыншысы Максим Мұхаметов соқты.

    Алайда арада үш минут өткен соң қарсылас команданың хоккейшісі Дмитрий Силантьев таразы басын теңестірді.

    Ал ойынның 28-минутында "Барыс" хоккейшісі Кирилл Панюковтың соққан шайбасы елордалық командаға жеңіс сыйлады.

    Сондай-ақ ресейлік "Металлург" хоккей клубы сапында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Никита Михайлис өнер көрсетеді.

    "Металлург" хоккей клубы ҚХЛ-дың былтырғы маусымында топ жарып, Гагарин кубогының иегері атанған болатын.

    Айта кетейік, астаналық "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін 22 қарашада ресейлік "Амурге" қарсы өткізеді.

    "Барыс" өз мұз айдынында ҚХЛ чемпиондарынан басым түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.