Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады
Опубликовано:
Читать на русском
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U20) 2025 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады. Енді элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін ойнайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"В" тобындағы соңғы ойында ұлттық құрама Швейцариямен кездесті. Ойын 1:3 есебімен қазақстандықтардың жеңілісімен аяқталды.
Жеңімпаздар сапында Саймон Майер (2 минут), Робин Нико Антенен (38 минут) және Людвиг Джонсон (49 минут) гол соқты. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Кирилл Ляпунов 7 минутта салды.
Осы жеңістің арқасында Швейцария құрамасы 3 ұпай жинап, 4-орынмен әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті. "В" тобынан Чехия, Швеция және Словакия да ширек финалға шықты.
Қазақстандықтар 1 ұпаймен бесінші орынға көтеріліп, медальдар үшін күресті тоқтатты. Сергей Старыгин шәкірттері "А" тобында соңғы орын алған Германиямен элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін ойнайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2207414-hokkeiden-qazaqstan-quramasy-alem-chempionatynyng-plei-off-kezengine-ote-almady/