jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Азиада-2025: хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші кездесуде қарсыласын ойсырата жеңді

    Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қытай Тайбэйі арасындағы матч
    Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қытай Тайбэйі арасындағы матч. Фото: Тұрар Қазанғапов

    Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстандық команданың қарсыласы Қытай Тайбэйі командасы болды. Кездесу 17:0 есебімен Олег Болякин шәкірттерінің ірі жеңісімен аяқталды.

    Жеңімпаздар сапында Кирил Панюков бес гол соқса, Әлихан Өмірбеков пен Руслан Оспанов екі голдан соқты. Сондай-ақ Андрей Буяльский, Арсений Лихотников, Евгений Рымарев, Артур Королев, Кирилл Савицкий, Самат Данияр, Дмитрий Гренц, Александр Борисевич пен Денис Шаропов бір голдан соқты.

    Осылайша, отандық хоккейшілер биылғы 2025 жылғы Азия ойындарында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

    Қазақстан құрамасы келесі кездесуін ертең, 8 ақпанда Жапонияға қарсы өткізеді.

    Азиада-2025: хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші кездесуде қарсыласын ойсырата жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.