jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалына шықты

    хоккейшілер
    Хоккейшілер. Фото: Туризм және спорт министрлігінің Telegram-дағы арнасы

    Бүгін Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда жарыс қожайыны Қытайды тағы қапы қалдырды. Енді олар Азиаданың финалында ойнайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

    Қазақстандық команда Қытай құрамасын 3-1 есебімен жеңді.

    Олег Болякин шәкірттері екінші айналымның аяғында қарсылас қақпасына 2 шайба салды. Қарсылас матчтың аяқталуына 1 минут қалғанда есепті қысқарта алды. Ал санаулы секундтар қалғанда қытайлық қақпашы қателесіп, шайба өткізіп алды.

    Ертеңгі финалдағы қарсылас Оңтүстік Корея немесе Жапония болмақ. Олар біраздан соң өзара мықтыны анықтайды.

    Кеше ширек финалда отандық команда Гонконгтан ірі есеппен басым түсті. Ал топтық кезеңде Қытайды (6-1), Жапонияны, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.