
Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Қытайды жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін шайбалы хоккейден кезекті жарыс жолына шыққан еліміздің әйелдер командасы жарыс қожайынын 2-1 есебімен ұтып, жүлдеге бір табан жақындады.
Екінші айналымда шабуылшы Надежда Филимонова мергендік танытып, командамызға басымдық сыйлады. Ал шешуші кезеңде қарсылас таразы басын теңестіріп үлгерді. Шешуші кезеңде Александра Шегай жеңіс шайбасын соқты.
Ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының финалына шыққан еді. Олар жартылай финалда жарыс қожайыны – Қытайды жеңді.
Финалдық бәсеке 14 ақпанда Қазақстан уақытымен 11:00-де басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2220516-aziada-2025-hokkeiden-qazaqstan-aielder-quramasy-qytaidy-zhengdi/
Пікірлер жүктелуде