RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Азиада-2025: хоккейден әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореядан басым түсті

Жарияланған күні:

Шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: Сали Сабиров/ t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореяны жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қыздар құрамасы А тобындағы соңғы матчында Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде сан басымдығын тиімді пайдаланып шабуылшымыз, капитанның бірі Малика Алдабергенова есеп ашты. Ал шешуші айналымның басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Тағы бір шайбаның авторы – Дария Молдабай.

Осылайша, хоккейші қыздарымыз Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының жүлдесіне қол жеткізді. Нақты күміс не қола екені Жапония мен Қытай арасындағы матчтан кейін белгілі болады.

Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Тайпей (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командаларын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы IX қысқы Азия ойындарының алтын медалін сарапқа салады. Олардың қарсыласы – Жапония құрамасы. Финалдық бәсеке Қазақстан уақытымен 11:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2220734-aziada-2025-hokkeiden-aielder-quramasy-ongtustik-koreiadan-basym-tusti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif