Талдықорғанда ММА спортынан өткен Қазақстан кубогында жас жұбайлар өздерінің үйлену тойын атап өтті. Ақ көйлекті қалыңдық пен күйеу жігіт бұл әрекеттерінің себебін көпшілікке түсіндірді берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазақтан ММА федерациясының мәліметінше, Ернұр мен Айнұр Сазанбаевтар тура тойы болатын күні спорттық жарысқа тойға жиналған қонақтармен бірге келген.
Олар осы ісі арқылы достары Дастан Жақыпбековке қолдау көрсетпек болған екен.
Айта кетейік, жас жұбайлардың бұл ісі зая кетпей, Дастан Жақыпбеков Қазақстан ММА кубогының жеңімпазы атанған.
Жас отаудың иесі Ернұрдың сөзінше, ол спортпен айналыспайды.
Алайда досы Дастанға халықаралық байқауларда үнемі қолдау көрсететінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, ММА-дан Қазақстан кубогы 4 - 8 желтоқсан күндері Талдықорған қаласында өтті. Төрт күнге созылған жарыста 150 спортшы бақ сынаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1768296-zas-zbajlar-jlenu-tojyn-mma-dan-tken-kazakstan-kubogynda-tojlagan-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.