jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Атышулы Қуат Хамитов өз жеңісін Жақсылық Үшкемпіровке арнады (видео)

    Қуат Найман мен Жақсылық Үшкемпіров
    Фото: Instagram/kuat__khamitov

    Қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитов Ресейдегі жеңісін көпке сыйлы болған марқұм даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровке арнады. Желіде оның кездесу соңында сөз сөйлеп жатқан сәті тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуат Хамитов Ресей астанасы Мәскеу төрінде өткен жекпе-жегіндегі жеңісін қазақтың даңқты спортшысы Жақсылық Үшкемпіровтың құрметіне арнады. Ол жақында ғана өмірден өткен ұлы тұлғаны есіне алып, көпшілікті батыр адамдарды ұмытпауға шақырды.

    Ережесіз жекпе-жек жұлдызының кездесу соңындағы әсерлі сөзі оның өнер көрсетуін тамашалауға келген барша жанкүйерлердің жүрегіне жеткендей болды. Жиналған жұртшылық бірден қолшапалақтап, қазақстандық спортшыға қолдау білдірді.

    Қуат Найман жекпе-жек соңындағы сәтінің видосымен Instagram парақшасында бөліскен.

    "Жаратушыға және бүгін түнде маған қолдау көрсеткен әрбір адамға алғысым шексіз. Сіздерсіз және сіздердің қолдауларыңсыз ештене шықпас та еді. Маған қолдау көрсеткен қазақ халқыма, әлемнің түкпір-түкпірінлегі барша қандастарыма рахмет айтқым келеді. Өздеріңіз білетіндей, мен әрбір жеңісімді өз халқыма арнаймын. Бұл жолы да ештене өзгерген жоқ. Алайда, бүгінгі жеңісті сонымен қатар бір үлкен тұлғаға арнағым келіп тұр. Осы Мәскеуде өткен жеңісімді қазақтың ірі спортшысы Жақсылық Үшкемпіровке арнаймын. Ол кісі менің спортқа келуіме себепкер болған. Өкінішке орай, ағамыз жақында ғана өмірден озды" , - деді Қуат Хамитов.

    Атышулы Қуат Хамитов өз жеңісін Жақсылық Үшкемпіровке арнады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.