Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов өз атынан пиар жасамақ болған қазақстандық промоушенді айыптады

Опубликовано:

Қуат Хамитов1
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

ММА спортшысы Қуат Хамитов екінші бір қазақстандық Фаниль Рафиковпен кездесу ұйымдастырмақ болған Naiza Fighter Championship промоушеніне үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында Хамитовті Фаниль Рафиков есімді қазақстандық спорт алаңына шақырған еді.

Өз кезегінде "Найман" шарттары қызықтырса, октагонға шығуға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен бірге ол егер кездесу өтіп жатса, онда бұл мансабындағы ең жеңіл жекпе-жек болатынын хабарлады.

"Өзімнің келесі жекпе-жегімді Қазақстанда, Рамазанға дейін өткізетін шығармын", - деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.

Осы ретте ол кездесудің NFC ұйымында өтпейтінін нақтылады.

"Олар секірді", - деп жазды спортшы.

Кейінірек Хамитов NFC промоушеніне үндеу жасады.

"Пікірлерді қазір оқыдым, шынымды айтсам, оладың жауабын түсінбедім. Сіздердің спортшыларыңыз мені жекпе-жекке шақырып, маңызды мәлімдеме жасады. Біз дайын екенімізді айтып, нақты датасын бердік. Бізге нақты жауап берудің орнына сіздер өздеріңіздің саясаттарыңыз және менің қазақстандық ММА үшін еңбегім туралы айтып жатырсыздар?!", - дейді файтер.

Содан кейін Хамитов NFC тек өздерін жарнамалауды көздегенін айтып, Рафиковты "қапшық" деп атаған.

"Сіздердің спортшыларыңыз менің деңгейім емес екенін (қапшық) және мұны мен арқылы өз аттарыңызды шығару үшін істегендеріңізді неге бірден мойындамасқа? Сізге және сіздің командаңызға жараспайтын бұл ақылға қонымсыз әңгімелер не үшін керек?

Бұдан былай өтінемін, егер шықпасаңыз, атышулы мәлімдеме жасамаңыз және артқа шегінетін болсаңыздар, бұл жекпе-жекті ешқашан принципиалды деп айтпаңыздар", - дейді спортшы.

Хамитовті жекпе-жекке шақырған қазақстандық та желіде жазба жариялады.

"Бір кездері әйгілі спортшы, ал қазір саясаткер-мыс, былайша айтқанда, оның басында пайда болатын бос сөздерді жазды. Ол менің командам - Dar team-ның намысына тимек болды. Бұдан былай біздің команда жайлы бір ауыз сөз айтпа", - дейді Фаниль "Ногай" Рафиков Instagram парақшасында.

Содан кейін Рафиков сөзден іске көшуді ұсынып, әлі де жекпе-жекке дайын екенін жеткізген.

"Біз көп сөйлей аламыз, бірақ бұл мәселе темір тор жабылған кезде ғана шешіледі. Сол себепті менің ұсынысым күшінде. Егер талқылауға арналған конструктивті нәрселер болса, мен дайынмын. Бірақ менің командам туралы айтудың қажеті жоқ. Шақырту тастаған мен. сол себепті барлық сұрақ маған қойылуы керек", - дейді спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1898927-quat-xamitov-ozinin-atynan-piar-zasamaq-bolgan-qazaqstandyq-promousendi-aiyptady/

pixel