
ММА файтері польшалық спортшы Матеуш Лазовски тауда көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты Лазовски өнер көрсеткен ACA промоушен агенттігінің баспасөз қызметі растап отыр.
Хабарламада 35 жастағы спортшының кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатқан уақытта биіктен құлағаны айтылған.
"Кешегі оқиғаға байланысты қайғылы хабар алдық. ACA-ның барлық командасы Матеуш Лазовскидің отбасы мен туыстарына көңіл айтады. Жатқан жерің жайлы болсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Матеуш Лазовски аралас жекпе-жектен алты кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен.
2021 жылдың 11 қыркүйегінде өткен соңғы кездесуінде Матеуш отандасы Патрик Дубилден жеңілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1942163-tanymal-mma-sportsysy-kezekti-zekpe-zegine-daiyndyq-kezinde-koz-zumdy/