
Әйгілі америкалық UFC промоушені Фрэнсис Нганну мен Сирилл Ган арасындағы ауыр салмақтағы титулы жекпе-жегін растады деп хабарлайды Zakon.kz.
22 қаңтарда Американың Калифорния штатындағы Анахайм қаласында өтетін UFC 270 турнирінің басты жекпе-жегінде танымал спортшылар мықтыны анықтайды.
Аса ауыр салмақтағы қазіргі чемпион Фрэнсис Нганну Стип Миочичті нокаутқа түсіріп, титулды жеңіп алды. Ал оның болашақ қарсыласы Сирил Ган Деррик Льюисті жеңіп, титулдық жекпе-жекке жолдама жеңіп алды.
Қазіргі уақытта Нганнудың еншісінде 19 жекпе-жек бар, оның 16-сы жеңіс және үшеуінде жеңіліс тапқан. "Жақсы жігіт" лақап атымен танылған Сирил Ган әзірге аралас жекпе-жектен жеңілген емес, 10 жекпе-жегінде де жеңіске жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1943796-ufc-ngannu-gan-tituldyq-zekpe-zegin-resmi-turde-zariyalady/