Аралас жекпе-жек шебері 24 жастағы қырғызстандық Нурланбек уулу Марсел Hardcore Fighting Championship MMA турниріндегі жеңісінен кейін гонорарының жартысын тәжікстандық спортшыға беруді өтінді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Басылымның мәліметінше, қырғызстандық файтер Ресей өкілі 21 жастағы Григорий Беляевпен кездесу өткізген.
Жекпе-жек барысында ресейлік спортшы Нурланбек уулу Марселді қыспаққа ала бастаған.
Алайда екінші раундтың екінші минутында қырғызстандық спортшы ауырту әдісін пайдаланып, қарсыласынан басым түскен.
Жекпе-жектен кейін Нурланбек уулу жекпе-жек үшін берілетін гонорарының жартысын "Карате" лақап атымен танымал тәжік спортшысы Камил Хасановқа беруді өтінген.
Оның мұндай өтініш жасауына Хасановтың сырқат анасы себеп болған. Осылайша файтер әйел адамның жазылып кетуіне қандай да бір көмегін тигізбек болған.
Еске сала кетсек, бұған дейін отандасымыз Шавкат Рахмонов бразиялық Карлстон Харристі тізе бүктірген еді.
Қазақстандық спортшы бұл кездесу үшін 94 мың доллар (шамамен 40,6 млн теңге) алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1955925-qyrgyzstandyq-sportsy-zekpe-zekten-keiin-syiaqysynyn-zartysyn-tazikstandyqqa-berudi-otindi/