Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Ахметовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Қайрат Ахметов
Фото: Prosports.kz

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегін үшінші маусым күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Сингапурдегі One Championship турниріне қатысады. Қарсыласы 33 жастағы жапон Тацумицу Вада болмақ. Күншығыс елінің өкілі 23 рет ұтып, 11 мәрте жеңіліп, 1 жекпе-жекте қарсыласпен тең түскен. 

34 жастағы Қайраттың еншісінде 25 жеңіс бар. Екі рет жеңіліс құшқан. 

Еске сала кетейік, Ахметов соңғы айқасын 17 желтоқсанда Сингапурде өткізіп, турнирдің басты жекпе-жегінде филиппиндік Дэнни Кингаданы ұтты. 

Одан бөлек, бірнеше күн бұрын отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1971043-qairat-axmetovtin-kelesi-zekpe-zegi-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel