
Қазақстандық ММА тарихында еліміздің екі өкілі алғаш рет бір кардта өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық Сергей Морозовтың жекпе-жегі 26 маусымда UFC Vegas 57 турнирі аясында өтеді. Сондай-ақ көпшілік осы кеште қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (15-0) пен "Гаиталық сенсация" лақап атымен танымал Нил Мэгнидің (26-8) жекпе-жегін көре алады.
Осылайша, қазақстандық ММА тарихында алғаш рет еліміздің екі өкілі бір кардта өнер көрсетпек.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын UFC-дегі алғашқы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов төрешілер шешімімен Джефф Молинаға есе жіберген болатын. Осылайша, ол UFC-де төртінші рет қарсыластарына жол берді.
Отандасымыз аталған лигада бір ғана кездесуде жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Джефф Молина қатарынан сегізінші айқасын ұтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1973543-ufc-kesinde-algas-ret-eki-qazaqctandyq-oner-korsetedi/