
Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов әлемдегі ең танымал промоушен UFC-мен жаңа келісімшарт жасасты, деп жазады Sports.ru.
Басылымның мәліметінше, қазақстандық спортшы UFC-мен жақсартылған шарттармен төрт жекпе-жек өткізу туралы жаңа келісімшартқа отырды.
Морозов UFC-дегі дебютті кездесуін 2021 жылғы қаңтарда өткізді. Содан бері төрт рет жекпе-жекке шыққан ол екі мәрте жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліс тапты.
Сергей Морозов төрешілердің бірауыз шешімімен германиялық Халид Таха мен бразилиялық Раулиан Пайваны тізе бүктірді.
Сондай-ақ ресейлік Умар Нурмагомедов пен бразилиялық Дуглас Силве де Андраден жеңілген болатын.
Айта кетейік, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Шавкат Рахмонов та UFC-де өнер көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1982002-sergei-morozov-ufc-men-zana-kelisimsart-zasasty/