Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC Шавкат Рахманов туралы деректі фильм түсіреді

Опубликовано:

Боец Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Mike Roach/Zuffa LLC

UFC промоушенінің өкілдері танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіру үшін Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды Sports.ru.

UFC түсірілім бригадасының Алматыда жүргеніне екі күн болған. Олар UFC Connected шоуы аясында Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіріп жатыр.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC лигасында Қазақстанның атынан ең бірінші өнер көрсеткен спортшы.

Сюжет отандасымыздың келесі жекпе-жегінің алдында көрсетіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік. Ол тәжірибелі Нил Мэгниді ұтты.

Жекпе-жектің бірінші раундында Шавкат айқын басым болды. Партерде қарсыласын тырп еткізбей ұстап, алғашқы үш минутты өз еншісіне жазды. 

Екінші раунд аяқталар сәтте 27 жастағы қазақстандық файтер Нилды қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1982257-ufc-savkat-raxmanov-turaly-derekti-film-tusiredi/