Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов Мәскеуде титулдық жекпе-жек өткізеді (фото)

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың келесі кездесуінің қайда өтетіні белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы отандық спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Жекпе-жек TOPFIGHT промоутерлік компаниясының турнирі аясында өтеді.

Қазақстандықтың қарсыласы ретінде армениялық Дэвид Хачатрян бекітілген.

Айқас 28 қазанға жоспарланып отыр.

Іс-шара "Аквариум" спорт кешенінде болады.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Қуат Хамитов Атыраудағы "Mergen Fighting Championship 3" турнирінде өнер көрсетті. Жарысттың басты айқасында қазақстандық спортшы 24 жастағы ресейлік қарсыласы Василий Бабинцевті бірінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1991875-quat-xamitov-maskeude-tituldyq-zekpe-zek-otkizedi-foto/

pixel