
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Америка Құрама штаттарында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Лас-Вегас қаласында өткен турнирде отандық спортшы америкалық Чарльз Джонсонмен жекпе-жек өткізді.
Кездесу үш раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Чарльз Джонсон жеңіске жетті.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабында сегізінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1998015-ufc-zalgas-zumagulovtyn-zekpe-zegi-toresilerdin-sesimimen-ayaqtaldy/