
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Спортшы Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 215 турнирінен кейін Instagram stories-те видео үндеу жасады.
"Барлығы жекпе-жекті көрді. Не айтуға болады? Бұл менің соңғы айқасым болып отыр. Бұдан кейін жекпе-жекке шыққым келмейді. Осымен бірнеше рет төрешілер жеңісті маған бермейді. Барыңды саласың, қызу дайындаласың. Шаршадым... Маған жанкүйерлік еткен барлықтарыңызға көп рақмет. Нағыз бауырларша құшақтадым", - деді Жалғас Жұмағұлов.
Еске сала кетейік, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Америка Құрама штаттарында өткен UFC Fight Night 215 турнирінде төрешілердің шешімімен ұтылған болатын.
Алайда спорт сарапшылары мен жанкүйерлердің басым бөлігі отандық спортшы жеңілмеді деп санайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1998018-bul-menin-songy-aiqasym-boldy-zalgas-zumagulov-mansabyna-qatysty-sesim-qabyldady/