Ақтөбедегі "Қоныс" спорт кешенінде аралас жекпе жектен Naiza 48 халықаралық турнирі өтіп, Қазақстан мен Орталық Азия балуандары бақ сынады. Аталған сынға қатысқан отандық спортшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті салынған жейде киіп шықты, деп жазады облыстық әкімдктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жарысқа Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Жапония, Бразилия, Әзірбайжан және Өзбекстаннан келген спортшылар қатысқан.
24 спортшының қатысуымен барлығы 12 жекпе-жек өткен.
Ал ақтөбелік спортшлар рингке ел президентінің портреті бейнеленген футболкалармен шыққан. Мұнымен спортшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткенін, бойларын мақтаныш сезімі кернейтінін білдіргісі келген.
Кештің басты жекпе-жегі Naiza лигасының белбеуі үшін 53 келіге дейінгі ең жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы, қоян-қолтық жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын мен британдық файтер Джон Шинк арасындағы кездесу болған.
Ерекше әсерлі жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қазбек Сағын чемпиондық белбеу иегері атанған.
Naiza-дағы тарихи жеңісін ол мемлекет басшысына арнаған.
"Командаға, өз бапкерім Азиз Разыевке алғыс айтамын. Біз нағыз батыр халықпыз. Елдің атын әлемге паш етуге дайынмын. Жеңісімді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, әскери міндеттін орындап келген азамат ретінде еліміздің бас қолбасшысына арнаймын", - дейді Қазбек Сағын.
Сондай-ақ жаңа чемпиондық белбеу иегері өзінің отбасы мен ата-анасына жарыс жолында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1998573-otandyq-mma-seberleri-zekpe-zekke-toqaevtyn-sureti-salyngan-zeide-kiip-syqty-foto/