Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитовтің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат шықты

Опубликовано:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: KAZ.NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Белгілі аралас-жек шебері Қуат Хамитовтің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Найман" лақап атымен танылған спортшының жекпе-жегіне қатысты ақпаратты Mergen Fighting Championship Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Онда Қуат Хамитовтің келесі айқасы 2023 жылы 28 қаңтарда Атырау қаласында болатыны айтылған.

Сонымен қатар аралас-жек шеберінің Таиландта дайындалатыны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Қуат Хамитов Атыраудағы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде өнер көрсетті. Жарысттың басты айқасында қазақстандық спортшы 24 жастағы ресейлік қарсыласы Василий Бабинцевті бірінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2000665-quat-xamitovtyn-kelesi-zekpe-zegine-qatysty-tyn-aqparat-syqty/