jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Сөзбен жеткізе алмаймын": Шавкат Рахмонов америкалық файтердің ислам дініне өткенін ерекше қабылдады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Contributor/Getty Images

    UFC лигасында жартылай орта салмақта сынға түсетін Шавкат Рахмонов өзімен бір залда жаттығатын америкалық файтер Кевин Лидің ислам дінін қабылдауына қатысты пікір білдірді, деп жазады "Спорт Экспресс" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Әрине, әрбір мұсылман мен үшін бауыр. Оның ислам қабылдағаны қатты қуантты. Кейде басқалардың ислам қабылдағанын көргенде, сөзбен жеткізе алмайтын ерекше эмоциялар пайда болады.

    Биыл мен Меккеге барып, қажылығымды өтегім келеді. Ораза аяқталған соң, он күнге барып қайтсам деймін. Мүмкіндік болса, Иншалла, барамыз", - деді Рахмонов.

    Айта кетелік, 5 наурыз күні Лас-Вегаста өтетін UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилға қарсы шығады.

    "Сөзбен жеткізе алмаймын": Шавкат Рахмонов америкалық файтердің ислам дініне өткенін ерекше қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.