jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Базарда жұмыс істегенмін": UFC-де өнер көрсететін қазақ баласы мәлімдеме жасады

    Боец Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57/

    UFC-мен келісімшартқа отырған Асу Алмабаев instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Ассалаумағалейкум Қазақ елі. Осыдан 10 жыл бұрын мен базарда жұмыс істегенмін. Бұны көбіңіз жақсы білесіздер! Содан бері UFC-ден көрінетініме еш күмәнім болмады! Аллаға шүкір, әлемдегі ең мықты промоушнмен келісімшартқа қол қойып отырмын.

    Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Енді аянбай тер төгіп, елімнің абыройын асқақтатып, биік белестерден көрінуге тырысамын.

    Ең бастысы барлық уақытта менімен бірге болып, қолдап дұғада болыңыздар. Бұл мен үшін өте маңызды.

    Осы жолда маған сенім артқан барлық жанға рахметім шексіз", - деді Асу.

    Айта кетейік, кеше, 5 сәуірде Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды.

    Қазіргі уақытта әлемнің үздіік лигасында Асудан бөлек Жалғас Жұмағұлов, Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов өнер көрсетеді.

    "Базарда жұмыс істегенмін": UFC-де өнер көрсететін қазақ баласы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.