Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов қажылықтың төртінші уәжібін орындап, шашын тақырлап алып тастады (фото)

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Аралас жекпе-жек шебері, UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов қажылықтың төртінші уәжібін орындап, шашын тақырлап алып тастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шавкат Рахмонов Instagram stories-те Меккеде жүрген сәтінен фото жариялады. Кадрдан отандық спортшының шашын тықырлап алып тастағанын аңғаруға болады.

Шавкат
Скриншот: Шавкат Рахмоновтың Instagram stories-і

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдағанын жазған едік.

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. 

Жарыста отандық спортшы америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен ұтты.

Сонымен қатар Шавкаттың Рамазан айында қажылыққа атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2017129-savkat-raxmonov-imidzin-ozgertti-foto/