Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп көрмеген отандық аралас жекпе-жек шеберінің UFC-дегі алғашқы қарсыласы кім (фото)

Жарияланған күні:

Азат Максум
Азат Максум. Фото: OCTAGON

Аралас жекпе-жекте қарсылас шақ келтірмей жүрген Азат Максумның UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Iridium Sports Agency басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Азат Максумның әлемнің үздік лигасындағы алғашқы қарсыласы америкалық Тайсон Нэм болмақ.

Қос спортшы арасындағы жекпе-жек 15 шілдеде өтеді деп күтіліп отыр.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің қарсыласы бұған дейін UFC-де жеті кездесу өткізіп, оның үшеуінде қарсыласынан басым түскен және төрт айқаста жеңілістің ащы дәмін татқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азат Максумның UFC-мен келісімшартқа отырғанын жазған едік.

Ол әлемнің үздік лигасында ең жеңіл салмақта өнер көрсетпек.

Отандық спортшы кәсіби мансабында 16 рет октагонға шығып, барлығында жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2018343-zenilip-kormegen-otandyq-aralas-zekpe-zek-seberinin-ufc-degi-algasqy-qarsylasy-kim-foto/