jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Мансабында бірде-бір рет жеңілмеген отандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды

    Азат Максум
    Азат Максум. Фото: OCTAGON

    Мансабында бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық спортшы, аралас жекпе-жек шебері Азат Максум UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл ақпаратты спортшының мененджері Саят Абдрахманов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

    Осылайша, әлемнің үздік лигасында өнер көрсететін қазақстандықтардың қатарына жеңілістің ащы дәмін татпаған Азат Максум қосылып отыр. Бұған дейін UFC-мен Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев және Мария Агапова келісімшартқа отырған еді.

    Айта кетейік, Азат Максум жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Ол мансабында 16 жекпе-жекке шығып, бәрінде қарсыласынан басым түскен.

    Мансабында бірде-бір рет жеңілмеген отандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.