Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-294: Хамзат Чимаев Камару Усманды төрешілер шешімімен жеңіп кетті

Опубликовано:

Хамзат Чимаев
Хамзат Чимаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

21 қазанда Әбу-Дабиде өткен UFC-294 турнирінің екінші негізгі жекпе-жегінде орта салмақта Біріккен Араб Әмірліктерінің атынан шыққан Хамзат Чимаев (13-0) пен жартылай орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион нигериялық Камару Усман (20-4) кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте Хамзат Чимаев төрешілер шешімімен (29-27, 29-27, 28-28) жеңіске жетті.

29 жастағы Чимаев соңғы рет октагонға 2022 жылдың қыркүйек айында шықты. Ол UFC 279 турнирінде америкалық Кевин Холландты бірінші раундта самбишен әдісімен жеңіп кеткен еді. Хамзат Чимаев UFC аясында 13 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

36 жастағы Камару Усман соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың наурызында UFC 286 турнирінде өткізді. Нигериялық спортшы ұлыбританиялық Леон Эдвардске төрешілер шешімімен есе жіберді. Усманның қанжығасында 20 жеңіс пен төрт жеңіліс бар.

Чимаев осы турнирде Пауло Костамен жұдырықтасу керек болған. Бірақ бразилиялық файтер жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2042025-ufc-294-xamzat-cimaev-kamaru-usmandy-toresiler-sesimimen-zenip-ketti/

pixel