Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастин Порье: Макгрегордың үнін біржола өшіргім келеді

Опубликовано:

Конор мен Дастин Порье
Конор мен Дастин Порье. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

UFC промоушенінде жұдырықтасатын америкалық файтер Дастин Порье ирландиялық Конор Макгрегор туралы пікірін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ espn.com порталына сілтеме жасап.

UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порье шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына болашақтағы жоспарлары туралы сұхбат берді. Сонымен қатар ирландиялық файтер Конор Макгрегорге қарсы жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін жеткізді.

"Конорға қарсы жекпе-жек ұсынса қабылдайтын едім. Біржола үнін өшіргім келеді. Бірақ оны тағы жеңіп кетсем де, ол сөйлегенін қоймайды. Десе де бұл жекпе-жек мен үшін маңызды. Конор екеуміз осыған дейін 3 рет кездестік. Әзірге есеп 2:1 мен алдамын. Төртінші рет жұдырықтассақ мен оңай жеңетініме сенімдімін", – деді Дастин Порье.

Еске салайық, Дастин мен Конор осыған дейін 3 рет жұдырықтасқан. Алғашқы жекпе-жекте ирландиялық файтер Порені нокаутпен жеңген еді. Ал қалған екеуінде америкалық жекпе-жек шебері қарсыласынан басым түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2047056-dastin-pore-makgregordyn-unin-birzola-osirgim-keledi/

pixel