jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаевтың UFC промоушеніндегі келесі қарсыласы белгілі болды

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Файтер Асу Алмабаев 2024 жылы UFC промоушеніндегі екінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ First Round Management ұйымының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі екінші кездесуін америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді. Екі спортшы арасындағы жұдырықтасу 2024 жылдың 9 наурызына жоспарланған. Аса жеңіл салмақтағы файтерлер UFC 299 турнирінде күш сынасады.

    Асудың келесі қарсыласы Вергара UFC промоушеніндегі мансабын әйгілі Оди Осборнға қарсы бастаған еді. Алайда төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберді.

    Айта кетейік, Асу Алмабаевтың да UFC лигасындағы алғашқы қарсыласы Оди Осборн (12-5) еді. Үш раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Кездесудің екінші бөлігінде қазақстандық файтер қарсыласына қылқындыру әдісін сәтті жасап, жеңіске жетті.

    Асу Алмабаевтың UFC промоушеніндегі келесі қарсыласы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.