jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "UFC лигасына ораламын": Жалғас Жұмағұлов алға қойған жоспарларын айтты

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Кеше, 6 желтоқсан Астана қаласында Naiza 55 турнирі өтті. ММА кешінің екінші негізгі жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жапон спортшысына қарсы жұдырықтасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Naiza 55 турнирінің екінші негізгі жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (15-9) пен жапон спортшысы Масато Накамуру (9-8) жұдырықтасты. UFC лигасындағы сәтсіз кездесулерінен кейін қазақстандық промоушенмен келісімшартқа жасасқан "Жако" Масатоны техникалық нокаутпен жеңді.

    Жалғас Жұмағұлов жұдырықтасудан кейін алға қойған мақсаттары мен жоспарларын айтты.

    "Шетелге шығатын виза алдым. Енді Саятты (Жалғастың менеджері) күтемін. Ұсыныс күтемін. Қалай болса да, кәсіби мансабымды аяқтамаймын. Әлі күшім бар екенін көрген шығарсыздар. Оның үстіне біздің елдің спортшылары 30 жастан кейін мықты бола түседі. Мен де сол тізімнің ішіндемін.

    "UFC промоушеніне қайта оралғым келеді. Матчмейкерімнің айтуы бойынша, бірнеше жекпе-жек өткізіп жеңіске жетсем мені UFC лигасына қайта алады", – деді Жалғас Жұмағұлов.

    Айта кетейік, қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC лигасындағы кезекті қарсыласының есімін білді. Алмабаев UFC-дегі екінші кездесуін америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді. Екі спортшы арасындағы жұдырықтасу 2024 жылдың 9 наурызына жоспарланған. Аса жеңіл салмақтағы файтерлер UFC 299 турнирінде күш сынасады.

    "UFC лигасына ораламын": Жалғас Жұмағұлов алға қойған жоспарларын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.