jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтер көз арбасу кезінде қарсыласымен төбелесе жаздады (видео)

    Артем Резников разводит руки в стороны
    Артем Резников. Фото: instagram.com/artem.rez

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Артем Резников ACA 168 турнирі аясындағы кездесу алдында ресейлік Әли Баговпен текетіресіп қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ промоушеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қос спортшы 24 желтоқсанда Мәскеудің "ЦСКА Аренасында" кездеседі. Бұл жекпе-жек кештің басты кездесулерінің бірі болмақ.

    Жекпе-жек алдында қарсыластар өзара көз арбасып, бір-біріне маңдайын тіреді. Осыдан соң Багов Резниковты итеріп жіберді. Бірақ оның арты төбелеске ұласуына жол берілмеді.

    Бұған дейін қазақстандық пен ресейлік спортшы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Олардың жекпе-жегі жеңіл салмақта өтеді және Гран-при промоушеннің 1/4 финалы мәртебесіне ие болады.

    ACA 168 турнирінің басты оқиғасы ресейліктер Устармагомед Гаджидаудов пен Альберт Туменов арасындағы белбеу үшін және жартылай орта салмақ дәрежесінде Гран-при финалына шығу үшін өтетін жекпе-жек болмақ.

    Қазақстандық файтер көз арбасу кезінде қарсыласымен төбелесе жаздады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.