jitsu gif
Спорт

    Асу Алмабаевтың қарсыласы әлеуметтік желіде қазақстандық файтерге үндеу жасады

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC промоушеніндегі аса жеңіл салмақ дивизионындағы америкалық файтер Си-Джей Вергара өзінің алдағы жекпе-жектегі қарсыласы қазақстандық Асу Алмабаевқа әлеуметтік желіде қыр көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ америкалық спортшының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін файтерлер арасындағы кездесу 9 наурыз күні UFC 299 турнирінің аясында Майамиде өтеді. Си-Джей Вергара өзінің Instagram-дағы парақшасына кездесудің афишасын салып, посттың астына "Соғыс ашылды, кел де жең", – деп пікір қалдырған.

    Еске салайық, Асу Алмабаевтың UFC промоушеніндегі екінші жекпе-жегі Си-Джей Вергараға қарсы өтеді. Қазақстандық файтер аталмыш лигада 5 тамыз күні дебют жасады. Алғашқы кездесуі ямайкалық спортшы Оди Осборнды уақытынан бұрын жеңген еді.

    Асу Алмабаевтың қарсыласы әлеуметтік желіде қазақстандық файтерге үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.