Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белал Мұхаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Опубликовано:

Казахстанский боец ММА Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Америкалық файтер Белал Мұхаммед (23-3) қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновпен (18-0) кездесу өткізгісі келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Florian Podcast Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белал Мұхаммед жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанып, кейін Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге ниетті.

"Мен титулды жеңіп алған соң, ешкімге бұл атаққа кезексіз өтуге рұқсат бермеймін.Титулды қорғау үшін алғашқы жекпе-жегімді Шавкат Рахмоновқа қарсы өткіземін. Біз мұнда тарих жасап, мұра қалдыру үшін келдік", – деді америкалық файтер.

Белал Мұхаммед соңғы жекпе-жегінде Гилберт Бернсті (22-6) төрешілердің шешімімен (50-45, 49-46, 49-46) жеңген еді. Кездесу 6 мамырда АҚШ-та өтті.

Ал Шавкат Рахмонов соңғы кездесуінде Стивен Томпсонмен (17-7) жұдырықтасып, екінші раундта жеңіске жетті. Жекпе-жек 17 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2054347-belal-muxammed-savkat-raxmonovpen-zekpe-zekke-syqpaq/

pixel