jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Нокаутпен жеңемін": америкалық файтер қарсыласы Азат Мақсұм туралы пікірін айтты

    Азат Мақсұм
    Азат Мақсұм. Фото: instagram.com/aza.maksum

    Аралас жекпе-жек шебері Чарльз Джонсон 3 ақпанда қазақстандық файтер Азат Мақсұммен UFC проушенінде өтетін кездесуі туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Combat Sports Uk Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Файтерлер Лас-Вегаста 3 ақпан күні UFC Fight Night турнирінде кездеседі.

    "Оның тәлім алған спорт мектебі мықты. Қазақстандағы ММА жан-жақты дамыған. Олар әдетте еркін күресте жақсы, сондықтан ол маған өзінің күресу шеберлігін көрсетеді деп ойлаймын. Азат қазірдің өзінде өте тәжірибелі спортшы. Оның көп жекпе-жектен алған мол тәжірибесі бар. Менің ойымша, олар мені Азаттың мықтылармен қалай жұдырықтасатын көрсету үшін ретінде пайдаланғысы келеді.

    Мен төрешілердің шешімімен жеңіске жетемін деп ойлаймын. Егер оны нокаутқа түсіре алсам, тіпті жақсы. Егер оны шаршатсам, мерзімінен бұрын жеңе алатынымды білемін. Азат өте жігерлі жігіт, бірақ мен бұл жекпе-жекте жеңіске жететін сияқтымын", – деді Чарльз Джонсон.

    Айта кетейік, бұл Азат Мақсұмның UFC промоушеніндегі екінші кездесуі. Батыс лигасында 2023 жылдың шілде айында Тайсон Нэммен жұдырықтасып, дебют жасаған еді. Алғашқы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

    "Нокаутпен жеңемін": америкалық файтер қарсыласы Азат Мақсұм туралы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.