Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов октагонға оралуы мүмкін

Жарияланған күні:

Арман Оспанов және Крис Уэйд
Арман Оспанов және Крис Уэйд. Фото: Elsa/Getty Images

Ресейлік AMC Fight Nights лигасының президенті Камил Гаджиев қазақстандық файтер Арман Оспановты октагонға қайтару бойынша келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Камил Гаджиевтің Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Камил Гаджиевтің айтуынша, Арман Оспановтың оралуы Қазақстан жұртына өте қызық болмақ.

"Мен Мұратбек Қасымбай мен "Перс" (Мохаммад Хейбати) арасындағы жекпе-жекті Қазақстанда мамыр айының басында өткізу туралы идеяны ұмыт қалдырған жоқпын. Біз бұл іс бойынша белсенді түрде келіссөз жүргізіп жатырмыз, жақында сіздерге жаңалықтарды жеткіземін.

Ал әзірге біз Арман Оспановты октагонға қайтаруды шештік. Онымен біздің спорт директорымыз Вагиф Гусейнов келіссөз жүргізіп жатыр. Арман Оспановтың оралуы Қазақстан жұртшылығына өте қызық болады деп ойлаймын. Оның қарсыласы кім болуы мүмкін? Бұл туралы келесі шығарылымда айтып қалармын. Қазақстанда өтетін турнир әлі күшінде. Біз оған белсенді түрде дайындалып жатырмыз және жуырда айтарлықтай шулы анонстар болады", — деді Камил Гаджиев.

"Cұңқар" лақап атымен танымал Арман Оспанов 2022 жылдың қаңтарынан бері октагонға шықпады. Ол соңғы жекпе-жегінде француз спортшысы Дилан Сальвадордан техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. Арман Оспанов кәсіпқой мансабында 11 рет жеңіп, 5 рет жеңіліске ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2055814-aralas-zekpe-zek-seberi-arman-ospanov-oktagonga-oraluy-mumkin/