UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор үш жылдық үзілістен соң болатын жекпе-жегіне дайындық барысын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Конор Макгрегордың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін Конордың америкалық спортшы Майкл Чендлермен кездесуі 29 маусымда өтетіні белгілі болған еді. Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, UFC промоушенінің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына фотолар жүктеп, алдағы жекпе-жекке дайындық барысын көрсетті.
"Әдеттегідей, SBG Charlestown залында бапкерім Оуэн Роддимен және командамен бірге жақсы жаттығып қайттым", – деді Конор Макгрегор.
Макгрегор қазіргі таңда октагонға қайтып оралуға дайындалып жатыр. Конор 2021 жылдың жазынан бері бірде-бір кездесу өткізбеді. Соңғы жекпе-жегінде америкалық файтер Дастин Порьеден жеңіліп, аяғын сындырып алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2056405-konor-makgregor-us-zyldyq-uzilisten-keiin-ufc-ge-oraluga-daiyn-foto/