UFC-дің атқарушы директоры Дана Уайт ұйымның екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың оралуы неге ұзақ уақытқа созылғанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ mmajunkie порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біріншіден, ол ең ауыр жарақаттардың бірінен емделді. Дәл осындай жарақат алған Андерсон Силва қанша уақытта оралғанын білесіз бе? Ал Крис Вайдман ше? Бұл жігіттердің барлығы аяғын сындырған. Жарақат – қазіргі уақыттағы бірінші мәселе. Екіншісі, Конор Макгрегорға ақша керек емес.
Бұл сұрақтарға тек Конор ғана жауап бере алады. Сіз оларды менен емес, Конордан сұрауыңыз керек. Мен оның жаттығып жатқанын білемін, бірақ оның дайындық деңгейі қандай екенін білмеймін. Ол қазір бар күшімен жұдырықтаса ала ма, білмеймін. Нақты жауап беру үшін, ол жігіттің толық жаттығу жиынында екенін және оның дайын екенін білуім керек. Сонымен қатар жақында Макгрегордың фильмі шығады және оның жеке бизнесі бар. Осыншама ақшасы бар жігітпен жұмыс істеген мүлдем басқа дүние", – деді Дана Уайт.
Айта кетейік, UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова жақында октагонға оралатынын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2061117-dana-uait-konor-makgregordyn-ufc-ge-oraluy-zaily-tosyn-malimdeme-zasady/