Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таяқ жеуге келген жоқпыз": Бекзат Алмаханның менеджері мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Бекзат Алмахан
Бекзат Алмахан. Фото: instagram.com/bekzatalmahan

Octagon лигасының президенті Нұраддин Садықов қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Нұраддин Садықовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы. Бәрі жоспар бойынша. Жекпе-жекке ниет те дұрыс. Салмақ та реттеліп жатыр. Шүкір! Біз бұл жекпе-жекті қабылдағалы талайды естіп келеміз. Бекзат таяқ жейді, жекпе-жекті бекер қабылдады деген сияқты әңгімелерді. Айналайындар, біз таяқ жеуге келген жоқпыз. Иә, бүкіл жағдай бізге қарсы болса да, не үшін келгенімізді анық білеміз. Сол себепті бізді қолдап, шын көңілден осы күндері дұға қылып қойсаңыздар! Қалған қолдан келгенін Бекзат өзі-ақ жасайды!", – деп жазды Садықов.

Ол сондай-ақ Бекзат Алмаханның қарсыласы туралы пікірін айтты.

"Иә, олардың командасы мықты. Олардың ағасы бар, жағасы бар. Бірақ біздің құдайымыз бар", – деді Нұраддин Садықов.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан 3 наурызда Лас-Вегастағы UFC Fight Night 238 турнирінің негізгі кардында Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі Умар Нурмагомедовке қарсы жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық файтер қаңтар айында UFС промоушенімен келісімшартқа отырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2063770-tayaq-zeuge-kelgen-zoqpyz-bekzat-almaxannyn-menedzeri-malimdeme-zasady/