Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер Хабиб Нурмагомедовтың бауырымен жекпе-жекке шығады

Опубликовано:

Бекзат Алмахан
Бекзат Алмахан. Фото: instagram/bekzatalmahan

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC промоушеніндегі дебютін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Underdog Management агенттігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов 3 наурызда UFC Fight Night 238 турнирінде кездеседі. Умар Нурмагомедов осы уақытқа дейін 16 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. Ал Бекзат Алмаханның активінде 17 жеңіс, 1 жеңіліс бар.

Айта кетейік, Умар Нурмагомедов – UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтың немере інісі.

Еске салайық, жақында қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC промоушенімен келісімшарт жасасты. Ол енді UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Осы дивизионның қазіргі чемпионы – Шон О’Мэлли.

Бекзат Алмахан Орталық Азияның үздік промоушендерінің бірі Octagon-да жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Кәсіпқой мансабында жалпы есепте 18 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана есе жіберген. Десе де соңғы 9 жұдырықтасуында жеңіс тұғырынан көрінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2060226-qazaqstandyq-faiter-xabib-nurmagomedovtyn-bauyrymen-zekpe-zekke-sygady/

pixel