Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша табыс тапты

Опубликовано:

Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек
Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFС-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Metaratings порталының мәліметінше, Бекзат Алмахан бұл жекпе-жекте 16 мың доллар (12 мың доллар октагонға шыққаны үшін, 4 мың доллар демеушілер атынан) пайда тапқан. Ал оның қарсыласы 52,5 мың доллар (24 мың доллар октагонға шыққаны үшін, 24 мың доллар жеңісі үшін, 4,5 мың доллар демеушілер атынан бонус) қанжығалады.

Еске салайық, Бекзат Алмахан 2 наурызда UFC-дегі дебютін өткізді. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Умар Нурмагомедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша мансабындағы он жетінші, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Бекзат Алмахан мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан қаңтар айында UFC-мен келісімшарт жасасқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2064267-bekzat-almaxannyn-ufc-degi-algasqy-gonorary-qandai/

pixel